ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУ КЕРЕК
Қызылорда қаласының Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Аспандияр Әбдіхалықов ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде жол қозғалысы ережесі бойынша және жолда жүру қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы сабақ өтті.
Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелеріне 2015 жылы жасалатын және енгізілген өзгерістер турасында да айтылды. Тыңдаушыларға сонымен бірге, жүргізушінің құқығын білуі туралы, жолаушының және жаяу жүргіншінің құқығы жөнінде айтылды. ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Самғат Бүркітбаев арнайы автокөлік жүргізушілерін жедел шақыруларға шыққан кезде және жасақ қызметкерлеріне жеке автокөліктерін басқару барысында жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын айтып өтті. Шара барысында жасақ құтқарушылары көкейде жүрген сұрақтарына нақты жауап алды.