«ЕҢ ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛДІ МЕКЕМЕ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру мақсатында облыстық, аумақтық мекемелер арасында «Ең үздік қазақ тілді мекеме» атты байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – мемлекетік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілін дамыту, кеңінен насихаттау, үздік қазақ тілді мекемелерді анықтау.
Байқау сарапшылары мекемелердегі мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы бағдарламалар, іс –шаралардың ұйымдастырылуына, кіріс-шығыс құжатарының мемлекеттік тілде болуына, көрнекі ақпараттарының заң талаптарына сай болуына, «Мемлекеттік тіл саясаты» бұрышының ұйымдастырылуына мән берді.
Байқау талаптарынан мүдірмей өтіп, белсенді түрде атсалысқан Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті байқау нәтижесі бойынша «Ең үздік қазақ тілді мекеме» облыстық байқауының І орнын иеленіп, департамент бастығы Ғ.Отарбаев дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Департамент бастығы Ғ.Отарбаев мекемеде мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан шаралардың да маңызы жылдан жылға артқанын, шығыс құжаттары 100 пайызға қазақ тілінде шығарылатынын және алдағы уақытта да қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және іс – қағаздардың сапасын арттыру, насихаттау, дамыту, жұмыстары жиі өткізіліп тұратынын баяндады.
Дана ДОСТАНОВА,
ҚАЖ департаменті