«НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»
Таяуда Қызылорда облысы ТЖД «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің ұжымында мекеме басшысы А.Алмашевтың қатысуымен Мемлекетіміздің көш басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша сабақ өтті. Жиынға Қызылорда облысы аудандарының Суда құтқару стансаларының, Құтқару бекеті басшылары мен құтқарушылары қатысты. Жиынды Суда құтқару қызметінің басшысы А.Алмашев ашып, «Елбасы жолдауында айтылған негізгі бағыт пен мәңгілік ел турасында ой өрбітті».
«Біздің Астанамыз - Қазақстанның өркендеуінің жарқын үлгісі. Экономикалық-технологиялық дамумен қатар Астана әлеуметтік-мәдени прогресте де айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Тіршілік әрекетіндегі елеулі өзгерістер бірден байқалады. Осының барлығы ең алдымен уақытпен тексерілген стратегиялық жоспарлауды жетілдірген Елбасының саяси жігерлілігінің арқасы. Олар «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» құжаттарында бекітілген және бүгінгі еліміздің жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы жолда» да көрсетілген.
Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастайтын жол» атты Жолдауы - бұл экономика өсуінің қозғаушысы»,- деді мекеме басшысы.
Сонымен қатар А.Алмашев алда үлкен және жауапкершілікті жұмыс күтіп тұрғанын, оны лайықты атқару үшін баршамыз әрдайым ұйымшыл болуы керектігін айтты.
Қызылорда облысы ТЖД
«Суда құтқару қызметі» ММ