ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ ОЙШЫЛДАРЫ ДАЛА РУХЫНЫҢ КОДЕКСІН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ – Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық адам құқығы күніне арналған дөңгелек үстел аясында дала өркениетінің ойшылдары Дала рухының кодексін жасап шығарғанын атап өтті.
«Дала өркениетінің ойшылдары, яғни Махмұд Қашғари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қорқыт ата және тағы басқалары дала рухының өзіндік бір кодексін жасап шығарды. Оның негізіне адамның кәдімгі құқықтары, руханилық, адамгершілік арқау болған», -дейді ол. Гүлшара Әбдіқалықова дөңгелек үстелге жиналғандардың назарын халықтық демократия салт-дәстүрлерінің тарихи сабақтастығына аударды.
«Әлемдік өркениетті зерттеушілердің бірі Арнольд Джозеф Тойнби қазақ халқының көшпелі мәдениеті жататын көшпенділерде құқықтық бостандықтың барын тегіннен-тегін атап өтпесе керек», - деді Мемлекеттік хатшы.