ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ
Қызылордада халықты зиянды заттардан қорғау мақсатында жас еріктілер дәрігерлерге көмек қолын созды.
«Мейірім», «Шапағат», «Әлеуметтік-психолгиялық көмек» және облыстық салауатты өмір салтын қолдау орталықтарында студенттермен «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Жастар арасында шылым шегушілердің санын төмендетуге айрықша көңіл бөлу қажет. Қазіргі таңда көптеген үгіт-насихаттық көрнекі құралдар шығарылуда. Көрнекі құралдарда шылымның зардаптары сурет арқылы көрсетіледі. Бұл семинар қатысушыларына үлкен әсерін тигізеді, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жедел көмек көрсету бөлімінің маманы Гүлбану Ысқақова.
Мектеп оқушылары мен студенттердің шылым шегулерінің алдын алу мақсатында жас еріктілер жұмыстарын жандандырып келеді.
Гүлбану Ысқақованың айтуынша еріктілердің саны әзірге 25. Олар кәсіби тринерлермен кеңеседі. Қатарластарымен жұмысты тең бөліп алып, өздеріне артылған қызметті жоғары жауапкершілікпен атқарады. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйым өкілдері де көмектесіп, жалпы жұмыс өз нәтижесін берген.
Әлеуметтік зерттеушілер соңғы жылда шылым шегетін қызылордалықтардың саны 14,5 % қысқарғандығын айтады.