ТАЛАПКЕРЛЕР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТ ТАПСЫРА АЛМАЙ ЖҮР
Сынақтан кейінгі сергелдең. ҰБТ тапсырамыз деп бірнеше күн сабылған қызылордалық түлектер енді жаңа бір уайымға тап болды. Олар ел аумағындағы жоғары оқу орындарына құжат тапсыра алмай жүр.
Өйткені қабылдау тек Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүріп жатыр. Талапкерлер болса, күнұзаққа кезекке тұруға мәжбүр. Түн ортасы болса да, аймақтағы бас университеттің бесінші оқу ғимаратының алдында ине шаншар орын жоқ. Бұл – студенттердің көңілді кеш-думаны емес, қабылдау комиссиясына жете алмай тұрған талапкерлер. Жоғары оқу орындарына құжат осы жерде ғана қабылданады. Таңғы сегізден түнгі сағат төртке дейін.
Әдемі ОСПАНОВА,
Қызылорда облысының тұрғыны:
- Таңертеңнен бері жүр осы жерде Аралдан, Қазалыдан келген кісілер бар. Үйлері жоқ, осы жерде қонады. Ешкімді кіргізбейді. Екі бөлек кезек тіркейді. Қызылорданы таңдағандарды ғана кезексіз кіргіземіз дейді. Ал таңдамағандар кезекке кәдімгідей тіркелесің дейді. Мыңнан асады, біз 720 болып тіркелдік, бірақ кезек жылжымайды.
Кезекте тұрған талапкерлердің алды бірнеше күн бұрын тізімге жазылып қойған. Ал оны өткізіп алмау үшін, ыстыққа қарамастан осында тәулік бойы қарауылдайды. Талапкер ұл-қыздың да, ата-ананың да төзімі әбден таусылған.
Назира ЖАҚАНОВА,
Қызылорда қаласының тұрғыны:
- Бұл не деген жағдай? Не деген нәрсе, бұл? Келешегіміз ғой мына балалар, қанша әуре боп жүр, бұл бейшаралар. Неше күн болды? Осылар 2-ден бастап жүр, енді есікті тарсылдатып ұрып жатқаны. Сағат бір болды қазір, мынау отырғанымыз. Қай уақытқа дейін отырамыз білмеймін. Не қыламыз енді?
Қабылдау комиссиясындағылар түсірілім тобын көре сала, қақпаларын жауып үлгерді. Ал кезекте тұрғандарды бірден ішке кіргізіп алды. Артынша жауапты өкілдер мұндай жағдайдың жыл сайын қайталанатынын жайып салды.
Рахат ҚҰРМАНБАЕВ,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:
- Жыл сайын осылай жұмыс істейміз, әр жылы осы жағдай. Бүкіл Қазақстанда осындай жағдай.
Биыл Қызылорда облысы бойынша 7 мыңнан астам түлек ҰБТ сынағынан өтті. Облыстық білім беру басқармасынын мәліметіне сай, 94 үміткер "Алтын белгі" иегері атанған. Аймақ басшысы 300 оқу грантын бөлсе, тағы 194 түлек Мәскеу мен Санкт-Петербордағы жоғары оқу орындарының грантын иеленді. Алты мыңнан астам мектеп түлектері еліміздің университеттерінде бақ сынамақ. Олардан бар болғаны 18 техникалық хатшы құжат қабылдап отыр.

- Бұған қаулы ешқандай жоқ, келген талапкер құжатын тапсырып кетуі керек. Осы мақсатта біз қабылдауды жүргізіп жатырмыз.
Бес күн ішінде екі жарым мыңдай талапкер құжат өткізді. Ал қабылдау комиссиясы тек 31 шілдеге дейін жұмыс істейді. Комиссия мүшелерінің құрамын көбейту де мәселені шеше алмайтын сияқты. Себебі уақыт өте тығыз.
Шарипа САҚТАПОВА,
«Астана» телеарнасы