ЕРІКТІЛЕР ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ
Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігі Халықаралық еріктілер күніне орай конференциямен жылды қорытындылады. Бұл туралы бірлестіктің жоба үйлестірушісі А.Кардашев хабарлады.
Аталған басқарманың тапсырысы бойынша «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
«Таза тіл», «Балалар біздің болашағымыз!», «ЕХРО - 2017», «Ақпараттық насихаттық топ», «Ардагерлерді ардақтайық» сынды бірнеше бағытта жұмыс жасайтын, мақсаты мен міндеті айқын ерікті жастардан құралған топтар құрылды. Сол еріктілердің жыл бойына атқарған жұмыстары аталған жиында қорытындыланып, еріктілер қызметін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Конференция аясында жыл бойы белсенділігімен, іскерлігімен, талантымен көзге түскен еріктілер марапатталды.
Фариза ОМАРОВА