ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ
Өрт қауіпсіздігін сақтау, адам өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғау мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан «2014-2015 жылдардың жылу беру кезеңінде өрттерде және газбен улану фактілері бойынша адамдардың өлімі мен жарақаттануын қысқарту жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Аталған жоспардың негізінде аудандарға шығу тобы құрылды. Оның құрамындағы Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Е.Әлішеров, Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы өртке қарсы қызмет подполковнигі С.Сыздық, Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы А.Нұрманова 3 желтоқсанда Жаңақорған ауданында және 4 желтоқсанда Шиелі ауданында үгіттік-насихаттық жұмыстарды жүргізді.
Жаңақорған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Ә.Сабырханов, №10 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Е.Мақашев өрттердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Е.Әлішеров үгіт-насихаттық іс-шараларды жүргізу барысында заңнамаларды сақтау жөнінде нұсқау жүргізді.
Жұмыс тобы аудандық кітапханада аудан әкімі орынбасарының, ауылдық округ пен кент әкімдерінің, мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен өрттің алдын алу жөнінде жиын өткізді. Жиында өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптары жөнінде түсіндірме беріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жиын соңында шығу тобы ауданның шет аймағында орналасқан елді мекендері тұрғындарына өрт автокөлігінің дауыс зорайтқыш қондырғысымен үгіт-насихаттық жұмысын жүргізді. Тұрғындардың қатысуымен өткен жиында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндірілді. 75 үйдің өрт қауіпсіздігі жағдайы қаралып, 225 тұрғынға нұсқау берілді. Рейд барысында жылыту пештерінің жағдайына, пештің алдына қаңылтырдың орнатылуына, пештің үстіне киімдерді кептірмеу жөнінде, қараусыз қалдырмау жөнінде және тағы да басқа алдын алу шаралары туралы айтылды. Іс-шарадан соң жұмыс тобының мүшелері Шиелі ауданына қарай бағыт алды.
Шиелі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры Р.Сариев, №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры С.Шаймерденов өрттердің алдын алу және болдырмау жөнінде баяндады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Е.Әлішеров үгіт-насихаттық іс-шараларды жүргізу барысында заңнамаларды сақтау жөнінде айтып өтті.
Мұнан соң департамент қызметкерлері аудан әкімдігінің өкілдерімен, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерімен бірігіп, автовокзалда үгіт-насихаттық жұмысын жүргізді. Іс-шара жүргізу барысында аудан тұрғындарына, шағын автобустар мен такси жүргізушілері мен жолаушыларына үгіт-насихаттық жадынамалары таратылып, көрнекті жерлерге жадынамалар ілінді. Сонымен бірге, автовокзалдың дауысзорайтқыш құрылғысын пайдалана отырып, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау тақырыбында жадынама оқылды. Көлік және жолаушылар тасымалы бөлімінің қызметкеріне ауданнның сыртына және ішінде қатынайтын қоғамдық көліктерге үгіт-насихаттық жадынамаларды жапсыру жөнінде айтылды.
Сондай-ақ, елді мекен тұрғындарына қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтау жөнінде айтылды. Барлығы 17 үш қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздік жағдайы қаралып, 325 тұрғынға түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Рейд соңында шығу тобы Шиелі ауданы әкімшілігінің маманы, Шиелі ауданы Төтенша жағдайлар бөлімінің бастығы Р.Сариевпен бірге Шиелі ауданындағы №48 орта мектептің 5-6-7 сынып оқушыларына қауіпсіздік жөнінде арнайы сабақ өтті. Сабақ барысында балаларға өрт қауіпсіздігін сақтау және оның алдын алу туралы айтылды. Балаларды толғандырып жүрген өрт қауіпсіздігі және өрт сөндірушілердің қызметі жөніндегі сұрақтарға жауап берілді. Мектеп директорына өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылатын ашық есік күніне балаларды қатыстыру жөнінде ұсыныс айтылды.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы