МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
2014 жылдың 4 желтоқсанында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік» күні өтті.
Кең көлемде өткен іс-шарада азаматтарды қабылдауды Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дәуренбеков және сот судьялары жүзеге асырды.
Сондай-ақ, жергілікті басылымдардың журналистері, «Қоғам ТВ» телеарнасының тілшісі, облыс тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков 2014 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 254 Заңының күшіне енгенін атап өтті.
Одан кейін «Ашық есік» күніне келген адвокаттар коллегиясының адвокаты, азаматтық іс бойынша талапкер өкілі Ә.Сайымбетов өз сауалын қойды.
Ә.Сайымбетов талапты қамтамасыз ету арызы бойынша шығарылған ұйғарымның күшін жою туралы арызданғанын, талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарымның күшін жоюға қатысты шығарылған ұйғарым бойынша атқару парағын жазып беруді сұрағанын атап өтті. Соттың тарапынан атқару парағының жазылмайтыны жөніндегі хатын сот орындаушыларға ұсынғанымен, ол бойынша тыйымнан босатпай, атқару парағын талап ететінін көрсетті. Осы мәселеге қатысты атқару парағының жазылу тәртібін сұрады.
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков сот орындаушылардың әрекетіне келіспеген жағдайда, оған шағымдану тәртібін түсіндірды.
Облыстық сот төрағасы «Ашық есік күні» барысында қойылған өзге де келушілердің сауалдарына жауап берді.
Шара соңында 2014 жылдың шілде айынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері-сот процесінің қатысушыларын әлеуметтік сауалнамалар арқылы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар қызметіне қоғамдық бағалау өтіп жатқандығы айтылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі