ОРАЛМАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Болашақ университетінің ғылыми кеңес залында шетелден келген қандас бауырларымыздың мәселелеріне орай, сала мамандарының қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті.
Қоғамдық тыңдауда «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков ашып, оралмандар жайлы мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар және облыста көрсетіліп жатқан әлеуметтік атаулы көмектер туралы ақпараттандырды.
Ал Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Гүлзат Піржанова баспана беру үшін алдымен бейімдеу және ықпалдастыру орталығымен тығыз жұмыс жасау керек екенін атап айтты. Қазіргі қоғамда орын алып жатқан оралмандарға байланысты кемшіліктерге тоқталып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Оралмандарға баспана алу үшін өз кезектерін күту қажет екендігін түсіндіріп өтті.
Одан әрі шара қандас бауырлардың пікір алмасуымен жалғасты. Оралмандардың әлеуметтік қолдау мәселесіне баса назар аударылса, жұмыс орындары көбейсе, жұмыссыздық мәселесі азайса деген пікірлерін ұсынды.
«Болашақ жастары»
жастар қоғамдық бірлестігінің
баспасөз орталығы