ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының жергілікті соттарындағы судьялардың бос орындарына конкурс жариялауына байланысты, Қоғамдық Кеңес ұсынылған үміткерлердің кандидатурасын қарады.
Кандидаттардың іскерлік және жеке басының қасиеттеріне, судья беделі мен абыройына дақ келтіруі мүмкін жайттарға, сот төрелігін шынайы, адал, заңды және әділ атқаратынына, көпұлтты, көптілді ортада жұмыс істеу қабілетіне күмән тудыратын мән-жайларға, сондай-ақ судья міндетін атқару кезінде қажет болатын тәжірибелерінің кеңдігі мен ұзақтығына ерекше назар аударылды.
Бас қосуға облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, Қызылорда облыстық сот саласы ардагерлерінің төрағасы Ж.Аяпбергенов, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Ж.Абдраманұлы облыстық сот кеңсесінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Г.Каликова және отставкадағы судьялар, сот саласының ардагерлері мен судьялыққа кандитат үміткерлер қатысты.
Үміткерлер жеке-жеке қабылдауға кіріп, кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Олар ашық түрде дауыс берді және соның нәтижесімен барлық судьялыққа үміткер 14 кандидаттың мінездемелері оң, құқық бұзғандығы жөнінде мәліметтері болмағандықтан, конкурсқа жіберуге болатындығы жөнінде шешім етті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі