ЖОО АЯҚТАҒАН ЖАСТАР ЖҰМЫСҚА СЫНАҚ МЕРЗIМIНСIЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов "Еңбек кодексiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" заң жобасын депутаттар назарына таныстырып, ол бiрiншi оқылымда мақұлданды. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Аслан Сәрінжіповтің мәлімдеуінше, заң жобасында мемлекеттік жастар саясатының басты үш міндеті қамтылып отырған көрінеді.
Атап айтқанда, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тарту, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизмді нығайту сынды шаруаларға белсенді қатыстыру көзделген.
"Заң жобасының ерекшелігі сол, мұнда жұмысқа алғаш кiрген жас маманмен екi жылдан кем емес мерзiмге еңбек шартын жасасу жүктелген. Бұл олардың ЖОО аяқтағаннан кейінгі алғашқы жылдарында жұмысқа сынақ мерзiмiнсiз қабылдануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 18 жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ техникалық және кәсiби, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламаларын игерген соң 1 жылдан кешiктiрмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кiретiн адамдарға сынақ мерзiмi белгіленбейтін болады", - деді Аслан Бәкенұлы.