ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздіктің Нұры – Тұңғыш Елбасы» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Шәріп Әкбар және Қызылорда қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев қатысты.
Елбасымыздың 2014 халыққа арнаған кезекті «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Жолдауының маңыздылығы мен Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбегі туралы арнайы шақырылған меймандар кеңінен баяндады.
Аталған мереке қарсаңында қызметтегі жақсы жетістіктері мен тәртібі үшін ҚР ІІМ- нің құзырымен 1 қызметкер, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының құзырымен 6 қызметкер және 11қызметкер ҚАЖ департаменті бастығының құзырымен арнайы грамотамен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖ департаменті