ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы Президенттік институттың рөлі мен маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспасөз қызметі.
Конференцияға университеттің оқытушы-профессорлары, студент-жастар және облыстық білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректор Абайбек Талғатұлы Жүнісов ашып, биыл үшінші рет аталып өтіп отырған Тұңғыш Президент күнінің тарихи маңызына тоқталды. Конференция барысында «Тәуелсіз Қазақстан мен Президент институтының қалыптасуы біртұтас тарихи процесс» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т.Жүнісов, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев феномені» тақырыбы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Н.К.Мыңжас, «Елбасы Жолдауы – баянды болашақтың кепілі» тақырыбы негізінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.Ә.Тұяқбаев, «Қоғам дамуының сапасын арттырудағы Президент институтының рөлі» тақырыбында саяси ғылымдарының кандидаты Е.М. Әбенов, «Қазақстан Республикасында Президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы» тақырыбы аясында философия ғылымдарының кандидаты Б.М.Әпенов баяндама жасап, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғыл жолына түсуіндегі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығына жан-жақты тоқталды.
Сонымен бірге, ғалымдар Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы еліміздегі экономикалық дағдарыстың алдын алудағы, елдің саяси, әлеуметтік дамуындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды құжат екендігін атап өтті. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар «Президенттік институт – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында кітап көрмесін тамашалады. Көрмеде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен қатар, сүйіп оқитын әдебиттері және Елбасы жайлы жазылған кітаптар, Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауларынан дайындалған бейнематериалдар қойылған.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспасөз қызметі