ЖАСТАР ЕЛБАСЫМЕН ҚЫЗМЕТТЕС БОЛҒАН АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ақмешіт гуманитарлы-педагогикалық институының мәжіліс залында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында Елбасымен бірге ел игілігі жолында қызмет атқарған аға буын өкілдерімен жастардың кездесуі өтті. Бұл туралы «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Е.Меңлібаев хабарлады.
Кездесудің мақсаты еліміздің еңсесін тіктетіп, Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының еңбек жолын жастар арасында насихаттап, елдегі болып жатқан әрбір игі бастамада Елбасының қолтаңбасы мен ерен еңбегі жатқандығын ұғындыру болып табылады. Жастармен кездесуге аймақтың өсіп-өркендеуінде өзіндік қолтаңбалары бар ардагерлер, құрметті ел азаматтары шақырылған.
Алдымен шара қонақтары және жастар Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды дамыту жолындағы еңбектері туралы жазған кітаптар көрмесімен танысты. Мұнан кейін қоғам қайраткерлері жастарға Елбасының өнегелі өмір жолынан сыр шертіп, емен-жарқын әңгімеге ұласты.
Фариза ОМАРОВА