БААТЖ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША СОТТАРДА ІС ЖҮРГІЗУ
Қызылорда облыстық сотында «БААТЖ бағдарламасы бойынша соттарда іс жүргізу жұмысын ұйымдастыру мәселесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Облыстық соттың талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Накиева «103, 119 формаларын және мемлекеттік органдарда бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін техникалық қолданылуын түсіндіру» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамашы қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы Г.Оспанова сот істері бойынша тіркеу талондарын беру тәртібі туралы айтып берді.
«Электронды хаттама жүргізу тәртібі және оның тиімділігі туралы» Қызылорда қалалық №2 сотының бас маман - сот мәжілісінің хатшысы М.Жақыпова, «БААТЖ бағдарламасы бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс жасау тәртібі және сот мәжілісіне қатысушыларды СМС арқылы ақпараттандыру туралы» тақырыптарында Қызылорда қалалық сотының бас маманы И.Ділмаганбетова баяндама жасады.
«Сот органдарындағы ішкі портал Portal.Sud.kz қызметі» баяндамасымен Қызылорда облыстық соты кеңсесінің ақпараттық технологиялар инспекторы Ш.Аманқұлов таныстырды.
Әрбір оқылған баяндамаларды қатысушылар талқылап, сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Семинар сабақты облыстық сот кеңсесінің басшысы А.Жұмамұратов қорытындылады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі