«НҰРСҰЛТАНДАР» САЙЫСҚА ТҮСТІ
Кеше ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігі № 140 қазақ орта мектебінде «Нұрсұлтан» есімді оқушылар арасында интеллектуалды сайыс өткізді.
Сайысқа қаламыздағы орта мектептерден білімді, дарынды 10 Нұрсұлтан есімді оқушылар бақ сынады. Сайыс 4 кезең бойынша өтті: «Кім жылдам?»; «Кім білімді?»; «Мықты болсаң тауып көр» және соңғы шешуші кезең «Жекпе Жек».
Осылай әр кезеңнен сүрінбей өткен қатысушылар өздерінің қабілеттерін көрсете білді. Сайыстың соңғы кезеңінде Қос Нұрсұлтандар жекпе жекке шығып бақ сынасты. Әділ қазылардың қорытындысы бойынша ұпай сандары есептелініп сайыста жүлделі ІІІ орынды Нысанбек Нұрсұлтан алып, ал ІІ орынды Ержігіт Нұрсұлтан иемденсе, сайыстың чемпионы, жүлделі І орынды Нұрсұлтандардың Сұлтаны Базарбай Нұрсұлтан жеңіп алды. Осылайша сайыстың барлық қатысушыларына алғыс хаттар табысталып, ал жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом және естелік сыйлықтар беріліп естелік суретке түсу рәсімімен сайыста өз мәресіне жетті.
Шынар БЕКБАН