ТАТЬЯНА ӨЗ БАҚЫТЫН ҚАЗАҚ ОТБАСЫНАН ТАПҚАН
«Қызылорда облысы Шиелі ауданын мекендеген өзге ұлт өкілдері ауданымызды «кіші Ассамблея» деп те атайды. Олар осы жерде туып-өскен, өнген, еңбек етіп, отбасын құрған, бақытын, шаттығын Шиелі топырағынан тапқандар. Солардың бірі – мен, осы ауданда кіндік қаным тамып, дүниеге келіп, өсіп-өндім. Бұл туралы аймақ басшысы Қ.Көшербаевпен өткен кездесуде «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Татьяна Нуштаева хабарлады.
«Өзім сәби кезімнен қазақ балаларымен тай-құлындай тебісіп, дос болып, бірге оқып, бірге өстім. Соның нәтижесінде бала кезімнен бастап қазақ тіліне қызығушылық танытып, өзімнің ана тіліммен қатар қазақ тілін де өте жақсы меңгердім, қазақ тілі өте бай, әдемі, әсерлі тіл. Мемлекеттік тілді өте жақсы меңгергенімнің арқасында оқу орнының қазақ бөлімін үздік дипломмен бітірдім. Бақытымды да қазақ отбасынан тауып, қазіргі таңда қазақ шаңырағының келінімін. Өз ұлтымның мәдениетін бойыма сіңіріп, тарихын танумен қатар, қазақ халқының да әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін көріп, үйреніп өстім. Сондықтан маған қазақ отбасына келін болу, табалдырығын аттаған шаңырағымның өміріне араласу аса қиын болмады», - деп Татьяна Нуштаева ойымен бөлісті.
2012 жыл Татьянаның өмірінде айтулы оқиға, тағдырын, дүниетанымы мен көзқарасын өзгерткен керемет сәт болды. «Ол менің ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесуім. Мен облыстың белсенді жастарының қатарында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының республикалық ІІ съезіне бардым. Сол жиында Елбасының алдында Сыр елі жастарының атынан сөз сөйлеп, облыстағы жастар саясаты, оның ішінде тіл саясаты туралы пікірімді айттым. Сөзімді аяқтағаннан кейін Президентіміз «Сыр елі – ұлтымыздың тілін, ділін сақтап отырған киелі мекен, оның айқын көрінісі – Татьяна. Ұлты басқа болса да қазақ тілін өте жақсы меңгеріп, барша қазақстандықтарға үлгі көрсетті» деп атап өтті. Бұл ерекше кездесуден мен шабыттанып, қанаттанып келдім. Елбасының маған айтқан сөздері мен үшін өміріме нұр құяр, шапағат берер батамен тең болды», - дейді ол.
Осы кездесуден кейін Татьянаның өмірінде тек жақсылықтар орын алған. Мемлекеттік қызметке орналасып, қазіргі таңда Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қызмет атқарады. Елбасы ұстанып отырған «үштұғырлы тіл», «ұлтаралық татулық» саясатын өз жерінде насихаттап, елінің дамуына қол ұшын тигізіп келеді.