ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ БОЛҒАНЫ ҮШІН БАҚЫТТЫ
«2005 жылдың сәуір айында сайлауалды саясатты жүргізу мақсатымен Қызылорда қаласына іссапарға келген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауына Қызылорда облысының барлық студент жастарының атынан қатыстым», - деді қоғамдық келісім орталығының Қазалы ауданындағы эксперті Светлана Крюгер кеше облыс әкімінің қатысуымен өткен кездесуде.
- Елбасына қойған сұрағым, «Болашақ» бағдарламасының жастарға берер мүмкіндіктері жөнінде болатын. Мемлекет басшысы сауалыма толық әрі нақты жауабын берді. Содан бері 9 жыл өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін ұстаған уақытынан бастап жастарға ерекше қамқорлық танытып келеді. Жастарымыздың өсуі, білім алуы, қызметке орналасуы үшін көптеген жағдайлар жасалған. Осының арқасында мен 2006 жылы еліміздегі іргелі білім ордасы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының қазақ бөлімін бітірдім. Мемлекеттік тілді еркін меңгергенімнің арқасында студенттік шағымда бірнеше конкурстарға қатысып, жеңімпаз да атандым. Одан кейін қазақ жігітімен отбасын құрып, қазіргі таңда Жанерке, Жансая есімді 2 қаракөз қыздардың анасымын, - деді С.Крюгер.
Елбасының көреген саясатына өз жерінде үлес қосып, өзін тәуелсіз әрі болашағы жарқын Қазақстан мемлекетінде дүниеге келгені үшін және осы елдің мемлекеттік тілін еркін меңгергені үшін бақытты сезінетінін де жасырмады.