ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ ТАҒДЫРЫМДЫ ӨЗГЕРТТІ - Е.РЫБИНА
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Елбасы менің өмірімде» атты Елбасымен жүздескен этнос өкілдерінің мерекелік кездесуі өткен болатын. Оған қатысқан әрбір өкілдері өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
- 2009 жылдың 27 қарашасында Сыр еліне іс-сапармен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Бірқатар мәдени нысандарды ашты. Сол жерде мен бүкіл облыс жастарының атынан Елбасы алдында қазақ тілінде сөз сөйлеу мәртебесіне ие болдым. Елбасының «Жарайсың Елена, қазақ тілінде кейбір қазақтардан жақсы сөйлейсің» деп арқамнан қаққан әкелік қамқорлығы менің бүкіл тағдырымды өзгерткенін мен енді ғана сезініп отырмын. Осы кездесу менің туған жеріме деген патриоттық сезімімді оятты. Тіл білуге деген құлшынысымды арттырды. Осының арқасында жергілікті телеарнада қазақ тілінде бірнеше бағдарламаларды жүргізідім. Беделім өсті, мәртебем артты. Соның бір көрінісі қазір мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызмет атқарамын. Еліміздің тыныштығын сақтап, осында отырған барша ұлыстарға бейбіт өмір сыйлаған Нұлсұлтан Әбішұлының есімімен аталған білім беру мекемесінде жұмыс істегенім мен үшін үлкен мәртебе, - деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Елена Рыбина.

Шынар БЕКБАН