КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ 80%-ЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ҚАЖЕТ
Қызылорда облысындағы көпқабатты үйлердің 80%-ына күрделі жөндеу қажет, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап.
Облыс бойынша 989 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның басым бөлігінің күйі күтімсіз, күрделі жөндеуді қажет етеді. 2011-2012 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 57 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 млрд 207 млн теңге бөлінді. Осы тізімдегі 28 үйді мемлекеттік комиссия қабылдады. Қалғандары бойынша қабылдау жұмыстары жалғасуда немесе жөндеу жұмыстары әлі аяқталып біткен жоқ.
Үш үйде, өкінішке қарай, мердігерлер жөндеу жұмыстарын тоқтатқан. «Өндіріс» ЖШС-ның да, «ЮнитКомСистемс» ЖШС-ның да үстінен сотқа және қаржы полициясына шағым түсті. Ағымдағы жылы Қызылорда облысында ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1 млрд 800 млн теңге бөлінді. Бұл ақшаға 47 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу және 2012 жылы басталған үйлерде жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
2015 жылға ҚР ӨДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті 37 үйде жөндеу жүргізу үшін 367 млн теңгеге бюджеттік тапсырыс берді.