ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҰКП ОҚУШЫЛАРДЫ ДА ӨЗ БИЗНЕСТЕРІН АШУҒА ШАҚЫРДЫ
Қызылорда облысы ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен №144 орта мектебінде «Аквалайн» ЖШС директоры Ғалымбек Жақсылықовпен кездесу-акциясын өткізді.
Кездесуге 9,10,11 сынып оқушыларынан құралған 100-ге жуық бала қатысты, сонымен бірге кәсіпкерлер палатасының жұмысы туралы, өз бизнестерін ашу үшін оқытушылық құрамға кеңес берілді.
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру тақырыбында ҰКП директорының орынбасары Арман Бимағамбетов әңгіме барысында бұндай шаралар оқушылардың болашақта мамандық таңдауларына да ерекше көмектесетіндігін атап өтті.
Акция барысында болашақ түлектар өздерін толғандырған сұрақтарына тұщымды жауап алды. Шараның соңында палата өкілдері мектепке Питер Друкер мен Бодо Шефердің бизнес кітабының жинағын сыйлады. Сонымен қатар, «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабын мектептің кітапхана қорына табыстады.
Фариза ОМАРОВА