«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ» - ТҮРКІ ДҮНИЕСІНЕ ОРТАҚ МҰРА
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ыбыраев Шәкір Шәкімшәріпұлы қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушы-профессорлары және білім алушы жастарымен кездесті.
Кездесуді «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Бағдат Кәрібозұлы жүргізді. Жиын барысында Шәкір Шәкімшәріпұлы түркі халықтарына ортақ ұлы ойшылы, жырау, қобызшы Қорқыт атаға байланысты айтылған аңыз-әңгімелердің поэтикасын, жырларындағы тарихи маңызын «Қорқыт ата кітабының» философиялық мән-мағынасын сөз етті.
Кездесудің болашақ әдебиет, тіл саласының мамандарына тағылымдық мәні мол болды. Қатысушылар түркітанушы ғалымға сұрақтарын қойып, еркін ой бөлісті.