БИЫЛ 20 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Қызылорда облысында биыл бірден 20 денсаулық сақтау нысаны: аурухана, амбулатория мен емхана пайдалануға берілмек, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық құрылыс басқармасына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы аймақта денсаулық сақтау нысандарының құрылысына ірі көлемде қаржы бөлінді – 2 млрд. 852 млн. теңге. Бұл ақшаға 21 денсаулық сақтау нысанының, атап айтқанда, перинаталды орталық, аурухана, төрт емхана, оннан аса ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланған.
Жыл соңына дейін 20 нысан пайдалануға берілмек, әсіресе дәрігерлік амбулаторияның салынып бітуін асыға күткен ауыл тұрғындары үшін бұл жағымды жаңалық. Қазір олардың үшеуінің құрылысы аяқталып бітті – Аққыр, Аралқұм мен Қамыстыбас ауылдарында.