«ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІ» ПАЙДАЛАНУШЫЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Қазіргі таңда облыста Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Электронды Үкімет» кеңінен насихаттау мақсатында «Электрондық Үкімет бұрышы» ашылған. Әрбір келушілерге электронды сандық кілттерді беру мен оны қалай пайдалану керек екендігі жан-жақты түсіндіру жұмыстары кеңінен таралған.
«Электронды Үкімет» арқылы кезекке тұру қысқартылып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттары және басқада құжаттарды алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.
Мобильдік Үкіметтің пайдаланушысы болу үшін – ұялы телефон нөмірін электронды үкімет порталындағы есеп жазбамен байланыстыру қажет. Ол үшін «Электрондық цифрлық қолтаңба» болу керек. Бүгінгі күні бұл қызметті «egov.kz» арқылы жасауға болады. Сонымен қатар, пайдаланушылар ұялы телефонына, мысалы ХҚКО – на тапсырылған құжаттың дайындығы, балабақша кезегінің өзгергені туралы хабардар ету және ескерту хабарламаларын ала алады.
Қ. АЛМАТОВ,
«ХҚКО» №2 бөлім басшысы