МҰНАЙШЫЛАР НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Кәсіби мұнайшы, ең бірінші химияны және дәл ғылымдарды жетік меңгеруі тиіс. Бұл туралы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларымен өткен кездесу барысында «ҚазГерМұнай» компаниясының өкілдері мәлімдеді.
Мұнай компаниясының кәсіби қызметкері атану айтарлықтай оңай емес. Тек білімді, талантты және жан-жақты дамыған адамдарға ғана қара алтынмен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. «ҚазГерМұнай» компаниясы өкілдерімен Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларымен өткен кездесу барысында мұнайгаз саласындағы және алдағы онжылдықта сұранысы бар мамандықтар жайында кеңінен талқыланды, деп хабарлады НЗМ баспасөз хатшысы Елена Рыбина.
«Қазіргі уақытта сізді толғандырып жүрген бір ғана сұрақ: Болашақта кім болған дұрыс? Мен сіздерді мұнайшы болуға үгіттемеймін, алайда өнеркәсіп саласындағы мамандықты таңдау аса қажетті. Біздің аймақ инженерлер мен техникалық кадрларға зәру», - деді өз сөзінде мұнай және газ өндіру департаменті басшысының орынбасары Ержан Қажымұхан.
«ҚазГерМұнай» туралы қысқаша ақпарат – бұл Қазақстанның мұнай өндіруші сектордағы ең ірі кәсіпорындарының бірі. Компания Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында көмірсутекті шикізатты барлау, өндіру және сату бағытында жұмыс жасайды. Жылына 3 млн тоннаға дейін қара алтын өндіруге мүмкіндігі бар. Алғаш рет қызылордалықтарды арзан көгілдір отынмен қамтамасыз еткен бұл кәсіпорын алдағы уақытта мұнайды өндіру аймақтарын кеңейтуді жоспарлап отыр.
«Көптеген кен орындары қайта қалпына келтіріліп жатыр. Жақында геологиялық барлау бағдарламасы қабылданды. Мұның барлығы кадр тапшылығына әкелуде», - дейді «ҚазГерМұнай» компаниясының инженері Нариман Әбжанов.
Компания туралы мазмұнды бейнебаян мен әңгімелерден кейін қадірменді қонақтар оқушылардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді. Басым көпшілігі мұнайшы мамандығына жүктелетін міндеттер, сапалы білім алуға болатын жоғары оқу орындары мен стипендиялық бағдарламалар жайында сұрақтарын жаудырды.
Шынар БЕКБАН