ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СУИЦИД САНЫ БОЙЫНША 15 ОРЫНҒА ОРНАЛАСҚАН
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қызылорда облысындағы жалпы тұрғындар арасында 2014 жылдағы көрсеткіш 4.1 пайызды көрсетті.
«Өткен жылда балалар мен жасөспірімдер арасында аяқталған суицид саны 18, көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 5,7 құрады. Ал, биылғы жылдың 10 айында балалар мен жасөспірімдер арасында аяқталған суицид саны - 4, көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 1,2 құрайды», - делінген хабарламада.

Шынар БЕКБАН