КӨП БОЛЫП КҮРЕСЕТІН КЕСЕЛ
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында - «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» - деп атап көрсетті.
Сонымен қатар, Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екенін жеткізді. Бұл арада негізгі басымдықты анықталған бұзушылықтар бойынша жазаға тартуға ғана емес, алдын ала сол бұзушылықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, бұзушылықты болдырмау мәселесіне мән берген жөн.
Жалпы жемқорлық – мемлекеттік басқару құрылымдарында лауазымды қызметкерлердің қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері болып табылады. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінен шығады. Бағалы сыйлық оның өтінішінің орындалуына көмек болады. Олар өз кірістерін жалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін асыра пайдалануға тырысады.
Біз өзгелер сыйлайтын ел боламыз десек сыбайластыққа қарсы бітпес күрес ашуымыз қажет. Өзінің туған елін, туған өлкесі өмір көшінен қалып қоймауын қаламайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісіне өзінің үлесін қосуы тиіс.
Е.АУНЕКОВ,
Қызылорда қалалық Әділет басқармасының бас маманы,
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі.