ЖАСТАРҒА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ
«Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық қоры және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 22 қарашасы сағат 11:00-де Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Жәрменкенің мақсаты жұмыс берушілерге қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуыларына ықпал жасау болып табылады. Жәрмеңкеге 18-29 жас аралығындағы бос жүрген жастар қатысып облысымыздағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтер біле алады.
Аталған шараға қаладағы 30-дан астам мекемелер шақырылып, 270-ке жуық бос жұмыс орындарына сұраныс келіп түсті.
Фариза ОМАРОВА