АСТАНА ШЕНЕУНІКТЕРІ ТАКСИГЕ ОТЫРАДЫ
Астана әкімі Әсет Исекешов келер жылдан бастап қала атқаменерлерін түгелдей таксиге отырғызбақшы. Яғни, әкімдік қызметтік машиналардан бас тартып жатыр. Бұл туралы http://www.ktk.kz/ хабарлады.
Исекешовтың айтуынша, бұл әлдеқайда тиімді екен. «Қымбат көлік сатып алып, жүргізушілерге жалақы төлегенше, такси қызметіне жүгінген дұрыс» дейді әкім.
Жаңа жылдан бастап пилоттық жоба ретінде іске асуы тиіс бастамаға елордалық шенеуніктерді тасымалдауға қауқарлы такси компаниясы жоқтығы бөгет болуы мүмкін. Көбінің автопаркінде көлік жетіспейді.
«Сондықтан, жобаны іске асыруда біраз қиындықтар бар, бірақ, біз оны жүзеге асырамыз» дейді Исекешов