БІР КҮНДЕ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН 4 ІС ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Қызылорда облысының соттары медиация институтын дамыту үшін мақсатты түрде жұмыс жүргізуде.
Арал аудандық сотында медиаторлардың саны 18-ді құрайды. Соттан тыс бойынша мамандандыру енгізілді. Кәсіби емес медиаторлардың ресми тізілімі жасалып, аудандық әкімдік пен облыстық соттың ресми сайттарына орналастырылды.
Медиатордың көмегімен сот даулары бойынша шешімін тапқан істердің саны көбейіп, оң нәтижесін көрсетуде.
Арал аудандық сотында бір күннің ішінде 3 азаматтық іс, 1 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.
Олар талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапкер К.Амиреевадан 115634 теңге өндіру туралы азаматтық ісі, талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапкер А.Шалабаевадан 17078 теңге өндіру туралы және талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапкер А.Оразғалиевадан 77632 теңге өндіру туралы азаматтық ісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175 бабының 1 бөлігімен айыпталған Б.Культиновтың қылмыстық ісі.
Аталған істер бойынша кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, тараптардың келісімге келуіне қол жеткізіп, «дауды реттеу туралы келісім» жасап, сотқа ұсынған.
Осының негізінде жоғарыда аталған істер өндірістен қысқартылды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі