ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ЕЛІМІЗ ҮШІН МӘРТЕБЕ
2012 жылдың 1 желтоқсаны елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтілді. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конституциясын, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаушы ретіндегі рөлі негіз етіп алынған. Шын мәнінде, Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз.
Қазіргі Қазақстан қоғамының қай саласына болмасын көз жүгіртсек, түбегейлі өзгерістерді, жаңа белестерге жетелеген жобаларды, әлемдік дода мен бәйгеден жүлде алуды мақсат тұтқан қажырлы ұмтылыстарды көреміз. Білім мен ғы¬лымда, экономика мен әлеуметтік салаларда, халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатта діттеген межеге жетіп, ендігі көздегеніміз бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан орын тебу екенін бүкпесіз ашық айтатын дәрежеге көтерілдік. Қазақстан Парламентінің сенаты "1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні" деген мемлекеттік мерекені бекіткен заң қабылдады.
Іргелі идеялар нақты жобаларға – «Қазақстан-2030» стра¬тегиялық даму бағдарламасына, бәсекеге қабілетті Қазақстан, интеллектуалдық ұлт, «Мәдени мұра», индустриялық-инновациялық даму болашағына айналды, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ислам Конференциясы Ұйымына Қазақстанның төрағалығымен дәйектелді. Әр жылдардағы елбасының халыққа Жолдаулары Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясын айқындап берді. 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы референдумда республиканың жаңа Конституциясын қабылдады. Ата Заңда жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланып, қоғамдық дамуды бағыттауға және реттеуге қабілетті билік жүйесі қалыптастырылды. Қазақстан Республикасы демократиялық, унитарлық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет деп жарияланды.
Елбасымыздың 2014 жылдың 11 қарашасында Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: ««Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі.»,- деді.
Сондай-ақ, Елбасы өз сөзінде аталмыш жолдаудың жеті бағытын атап көрсетті. Әсіресе, әлеуметтік, энергетикалық, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын дамытуға қаржы қарастыру, тұрғын үй салуды дамыту бағыттары көпшіліктің көңілінен шықты.
«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», -деп елді еңбекке, ізгілікке, отаншылдыққа шақырды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы