НЗМ ОҚУШЫЛАРЫ ТЕМЕКІГЕ ҚАРСЫ
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Халықаралық темекіден арылу күнін қолдап, бірнеше іс-шара ұйымдастырды.
Тәңертеңгі мектеп жиындардың бірі бұл жолы барлық жастарды темекіге қарсы күресуге шақыруға арналды. Арнайы мамандар 7 - 12 сынып оқушыларына шылым шегудің зияны мен оның алдын алу шаралары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес жыл сайын теріс әрекеттерді ұстанатын 6 миллионға жуық адам көз жұмады. Қазақстан тұрғындары арасында жұмыскер, яғни ер азаматтар мен репродуктивті жастағы әйел азаматтары темекі эпидемиясының құрбаны болуда. Біздің мақсатымыз қоғамды осы мәселеге көз аудартып, темекіден арылуға шақыру», - деп түсіндіріп өтті мектептің дәрігер-педиатры Жанат Нәренова.
Сонан соң салауатты өмір салтын ұстанушылар дәстүрлі флешмобқа жиылды. «Біз темекіге қарсымыз!» деп ұрандатқан 700 ден астам оқушы және 50-ге жуық мектеп қызметкері би серпіні арқылы көпшілікті темегіден бас тартуға шақырды.
«Темекінің еш пайдасы жоқ. Тек қаражаттың бос жұмсалуы бұл. Сонымен қатар денсаулыққа әкелер зияны көп», - деп бөліскен акцияға қатысушы Мақсат Аскербек барлық жастарды спортмен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеді.
Айта кетейік, мектепте осындай алдын алу шаралары көптеп өткізіледі. Медицина қызметкерлері мен психолог-мұғалімдер әлеуметтік мәселелердің пайда болу себептері туралы оқушылармен ұдайы әңгімелесу жұмыстарын жүргізіп, оның шешу жолдарын бірге қарастыруда.