АУЫЗШАЙҒЫШТЫҢ ҚАУІПТІ ЕКЕНДІГІ АНЫҚТАЛДЫ
Ауыз қуысын тазалауға арналған шайғыш артық салмақ жинау мен диабеттің алдын алатын пайдалы бактерияларды жойып жіберуі мүмкін. Мұндай қорытындыны Гарвард және Пуэрто-Рико университетінің зерттеушілері шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Зерттеу туралы материал Science Direct сайтында жарияланды.
Мамандар эксперимент барысында артық салмағы және диабеті бар 40-65 жастағы 1206 адамның ауру тарихын зерттеді. Сонда ауыз қуысын тазалайтын шайғышты күніне бір рет пайдаланатын адамдардың арасында диабетпен ауыру көрсеткіші 20 пайызға, ал күніне екі рет қолданатындардың арасында 30 пайызға өскен.
Зерттеу авторларының айтуынша, ауыз жайғыштардың көбісі іріктелмейді. Сондықтан да адам ағзасына қажетті бактерияларды жойып тастайды. Мысалға, олар ас қорыту жүйесін және қандағы қант құрамын реттейтін азот тотығын шығаратын бактерияларды жояды.