СИНОПТИКТЕР БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫС СУЫҚ БОЛАТЫНЫН АЙТАДЫ
Қазақстандық құтқарушылар қатты суық қысқа дайындалып жатыр және көктем ерте келеді деп болжайды, деп хабарлады https://sputniknews.kz/.
Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин азаматтық қорғаныс органдарының қыс мезгіліне дайындығы туралы айтып берді.
«Метеоқызмет қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр. Біз "Казгидромет" бөлімшесінің мәліметтерін негізге аламыз. Болжамның дәлдігі — 60%. Синоптиктердің болжауынша, желтоқсанда орташа ауа температурасы Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық бөліктерінде нормадан төмен болады, жауын-шашын мол түседі», — деп хабарлады Ильин бүгінгі өткен брифингте.
Қаңтарда республиканың орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде суық көпжылдық қадағалау нормасынан төмен болады. Ақпанда елдің батысы мен солтүстік-батысында суық нормадан төмен болады деп болжанып отыр.
Қазгидрометтің болжауынша, көктем ерте шығып, жауын-шашын көп түседі.
Вице-министр қыс мезгілінде жағдай қиындайтын болса, төтеншеліктер шұғыл әрекет ететінін атап өтті.