СИРИЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
Жуырда ғана Сириядан Грозный қаласына жеткізілген қазақстандық әйел бала-шағасымен елге оралды, деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов. Бұл туралы https://sputniknews.kz/ агенттігі жазып отыр.
Бұдан бұрын 29 жастағы әйел төрт баласымен Сириядан құтқарылып, Шешенстанға жеткізілген болатын.
"Қазақстан азаматшасы кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласымен Сириядан Ресейге эвакуацияланған болатын, Мәскеудегі елшілік дипломаттарының көмегімен өткен аптада Қазақстанға жеткізілді", — деді Әнуар Жайнақов.
Қазақстандықтың ең үлкен ұлы бес жаста, кенжесі әлі жасқа толмаған.
Әнуар Жайнақовтың айтуынша Сириядан келген әйел Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.
Айта кетелік, қараша айының ортасында Сириядан 40-тан астам әйел мен бала құтқарылып, Грозный қаласына жеткізілген болатын.