ДӘРІГЕРЛЕР ҚАТЕЛЕСІП НАУҚАСҚА БІРНЕШЕ РЕТ ОТА ЖАСАҒАН
Қызылордада дәрігердің дұрыс диагноз қоймауынан бірнеше рет пышаққа түскен әйел әділдік іздеп жүр. Алдымен өт жолында тас бар деп, одан кейін аналық безде іріңге толған ісік бар деп оған хирург ота жасай берген.
Дерті жазылмаған науқас, астаналық дәрігерлерге көрінген кезде ғана өзінің онкологиялық ауруға шалдыққанын біледі. Уақытылы дұрыс ем қабылдамағандықтан енді ол ауруын асқындырып алып отыр. "Дәрігердің жауапсыздығынан ауруымды ушықтырып алдым", - дейді Гүлсім Қилыбаева.
Оның айтуынша, облыстық медициналық орталық хирургы Нұриддин Әмітов гистологиялық зерттеу қорытындысына сүйенбей қате диагноз қойып, операция жасаған. Бірақ отадан кейін науқастың іші ауырғанын қоймаған. Мұны хирург күннің ыстықтығымен түсіндіреді.
Сөйтіп, Гүлсім Қилыбаева Көкшетауға демалуға барады. Бірақ ол жақта да жағдайы жақсармайды. Ақырында астаналық ақ халаттылар ғана оған дұрыс диагноз қойып береді. Сөйтсе, науқастың аналық безі қатерлі ісікке шалдыққан екен. "Егер гистологияның қорытындысын сізге сол күні бергенде сізге тек химия беретін еді. Химия беріліп, үлкен операцияның қажеті жоқ еді деді", - дейді зардап шегуші.
Қазір Гүлсім Қилыбаеваның екі талабы бар. Сот арқылы моральдық-материалдық шығынын өтеу және хирург Нұриддин Әмітовты дәрігерлік қызметтен босату. Өйткені тағы бір жанды осындай жағдайға душар етіп қоюуы мүмкін деп қорқады науқас. Ал, облыстық медициналық орталыққа барғанымызда бас дәрігерді де, хирургты да орнынан таппадық. Еңбек демалысында екен. Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар гистологиялық қорытындыға селқос қараған қызметкерге шара қолданумен ғана шектелгенін айтты.
"Науқастың гистологиялық қорытындысы туралы мәлімет жедел түрде облыстық онкологиялық орталыққа жеткізілмеген. Осыған байланысты хирургия бөлімінің жауапты мамандарына тәртіптік шара қолданылды. Қазіргі кезде іс облыстық сот-сараптама мекемесінде тексерілуде", - деген түсінік берді зардап шегуші.
Қалай болғанда да Гүлсім Қилыбаева істі соңына дейін жеткізуді ойлап отыр. Сот процесі алдағы дүйсенбіге жоспарланған. Дертіне дауа табамын деп барған емдеу орталығында қате ота жасалып, ақ халатты салғырттығынан денсаулығына нұқсан келген науқастың бар үміті-сотта.
31 канал