СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚАРАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ
Жуырда Қызылорда қалалық №2 сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың қараша айына дейін қаралған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қаралған қылмыстық істер бойынша брифинг өткізілді.
Брифинг барысында сот төрағасы С.Сүлеймен осы уақытқа дейін сотта сыбайлас жемқорлыққа қатысты қаралған қылмыстық істер туралы, оның ішінде аталған істердің санаттары бойынша сондай-ақ қылмыс жасағандар мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамдар бола тұра, өздерінің іс әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін және болмай қоймайтынын алдын ала біліп, осы зардаптардың болуын тілеп, қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтық жасағандарын және оларға тағайындалған жаза жөнінде айтып өтті.
Шара соңында сот төрағасы С.Сүлеймен БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі