ҚР-ның КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ БОЛАШАҚ СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Жуырда Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесінің мүшесі Аманжол Нұрмағанбетов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы лауазымына, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағасы, алқа төрағасы лауазымына, аудандық оған теңестірілген соттардың төраға лауазымдарына кадр резервінде тұрған резервшілермен және судья лауазымдарына үміткерлермен кездесу өткізді.
Жиынға кадр резервінде тұрған ҚР Жоғарғы Сотының судьялығына, облыстық соттың және алқа төрағалығына, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалығына, Қызылорда облыстық сотының жалпы отырысының оң қорытындысын алған судья лауазымына үміткерлер, арнайы магистратураны бітірген мамандар барлығы 38 үміткер қатысты.
Аманжол Нұрмағанбетов болашақ сот қызметкерлерінің әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесіп, олардың өмірбаяндарымен және атқарған еңбек өтілімен танысты.
Кездесу барысында судьялық жұмыстың зор жауапкершілігі мен үміткерлердің судьялық лауазымға қойылатын жоғарғы талаптарға сай болу қажеттілігі айтылды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі