ӘКІМШІЛІК ҚАМАУДЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРАДЫ
Жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында айыппұл 50 пайызға шегеріледі. Сондай-ақ әкімшілік қамаудың ұзақ мерзімі 30 тәулікке дейін қысқарады. Бұл туралы Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы С.Утегенова мәлімдеді.
Бас қосуда Жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің әзірленуі және қабылдануы оның нормаларының ел Президентінің құқықтық саясат тұжырымдамасындағы талаптарға негізделгені сөз болды. Сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында, іс жүргізудің қысқартылуын қамтамасыз ету үшін абсолютті айқындалған айыппұл мөлшері көзделгендігі айтылды.
Брифинг соңында баспасөз өкілдері тарапынан аталмыш кодекске байланысты түрлі сұрақтарына жауап берілді.
Фариза ОМАРОВА