ТӘЖІРИБЕЛІК ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Солтүстік-батыстан соққан циклонды жел республикада метеорологиялық жағдай туындайды. Қызылорда облысында да қатты жаңбыр жауып, соңында қарға айналады, көктайғақ болып, күшті дауыл соғады, температура 20-250С градусқа дейін төмендеп, адам өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп туындайды. Қытымыр қыстың қыспағына шыдамаған қаладағы электрэнергиясының істен шығуы нәтижесінде бірінші көтергіш насостың жұмысы және қала тұрғындарына су беру тоқтатылды.
Осындай аймақтағы қолайсыз ауа райы кезінде Қызылорда қаласындағы «Су жүйесі» МКК-ның тұрғындарды суықтан құтқару қауқарлығын пысықтау мақсатында тәжірибелік оқу-жаттығуы өтті.
Аталмыш тәжірибелік іс-шараға облыстың азаматтық қорғау күштері мен құралдарынан жалпы 10 авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдары, 137 адам мен 22 техника атсалысты.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы