ЕҢ БАСТЫСЫ ҚАУІПСІЗДІК
Жақында Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Сайд Шазындаұлы Молдақараев «Қоғам ТД» қалалық теледидардың «Шарайна» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында азаматтық қорғау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар айтылып, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою барысы, төтенше жағдай кезінде тұрғындарға экстренді жедел түрде психологиялық және медициналық көмек беру жөнінде, өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын сақтау туралы әңгіме болды.
Сондай-ақ эфир барысында облыста орын алған төтенше жағдайлар, жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары, оқытулар, оқу-жаттығулар, төтенше жағдай орын алған кезде адамдардың алғашқы қадамы, төтенше жағдайды жоюдағы алғашқы іс-әрекет тәртібі туралы түсіндірме жасады.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы