ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ШЫЛЫМ ШЕГЕТІНДЕР САНЫ 14,5%-ҒА АЗАЙДЫ
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы қызылордалықтар арасында шылым шегетіндер саны 14,5%-ға азайды, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, бұндай жақсы көрсеткіш халық арасында шылым шегудің алдын алу жұмыстарын күшейтудің арқасында қалыптасты. Алдын алу жұмыстары кең ауқымды ақпараттандыру, соның ішінде БАҚ-пен жұмыс және үкіметтік емес сектордың қолдауы арқылы жүзеге асты.
Сондай-ақ, облыста спорт және дене шынықтырумен айналысатындар саны артып келеді. Қазіргі таңда олардың саны 172 000 адамды, яғни облыстың барлық тұрғындарының 23,4 пайызын құрайды.