«АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Журналистермен кездесу Алматыда, бейресми сипатта өтті. Ұлттық компанияның төрағасы көрмеге дайындық қалай өтіп жатқаны туралы айтып беру үшін бас редакторлармен камералар мен диктофонсыз кездесу туралы ұсынысын өзі білдірген болатын. «ЭКСПО-ға қатысты барлық сұрақтарға жауап беремін, мен үшін ыңғайсыз жағдайлар жоқ», - деп сенімді түрде мәлімдеді Ермегияев.
Ал жұртышылықтың көкейінде бюджет пен мемлекеттік бақылаудан бастап, көрме кешені 50 және 100 жылдан кейін қалай пайдаланылатынына дейінгі мәселелерді қамтитын біраз сұрақтар жүр.
Т.Ермегияевпен кездесуге 30-дан аса БАҚ-ның өкілдері келді, олардың арасында «Егемен Қазақстан» газеті және «ҚазАқпарат» АА, сондай-ақ, жекеменшік ұйымдар – КТК телеарнасы, Zakon.kz АА және т.б. бар.
Бірінші көкейтесті сұрақ құрылысқа қатысты қойылды, бұл сұрақты қойғанда БАҚ өкілдері өздерінің таңқалысын жасырмады: осыдан жарты жыл бұрын ғана БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде «үлгермейді» деген күдіктер жаппай айтылған-ды, ал қазір құрылыс жұмыстары кестеден оза орындалуда. Нысандар 2016 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп ресми мәлімделген болатын, алайда ұлттық компания басшысының сөзінше, бұл 2016 жылдың жазының соңына дейін аяқталмақ, тек қазақстандық павильоннан басқасы – оның құрылысы аталған жылдың соңына қарай бітеді.
Журналистердің барлығы дерлік көрмеге кімді және қалай шақырамыз, қонақтарды қалай жалғастырайын деп отырмыз, көрмеге қатысудың шарттары қандай және кім бұл жұмыспен айналысады деген секілді орынды сауалдарын қойып жатты. «Осы тұрғыдан алғанда, біздің басты құжатымыз – іс-әрекеттер жоспары, ол қазір құрастырылуда, көрмені өткізу кезіндегі барлық әрекеттер соған сәйкес орындалатын болады; бұл жоспар ендігі жылдың наурыз айының соңына дейін дайын болады», - деп жауап берді компания басқарма төрағасы.
Қаржы мәселесіне келер болсақ, осыған дейін айтылып өткендей, көрмені ұйымдастыруға бюджеттен 283 млн. еуро бөлінеді. Т. Ермегияев жоба жүз пайызға өтеледі деп көзделіп отырғанын баса атап өтті: демеушілер мен серіктестердің қаржысы есебінен жоспарланған сома 150 млн. доллардан бастап 300 млн. долларға дейінгі қаржыны құрамақ.
«Ал билеттерді сатудан қаржыны қайтаруға біз үлкен үміт артып отырған жоқпыз, - деп атап өтті ұлттық компания басшысы. – Билеттер келушілер санын реттеу үшін көбірек қажет. Билеттерді сатудың болжамы - 5 млн. еуро. Оларды әлемнің кез-келген елінде – жергілікті ірі туроператорлардан қалаған адам сатып ала алады. Көрмеге 2 миллионнан аса адам келеді деп күтілуде, олардың 15%-ын шетелдік қонақтар құрамақ». Сонымен қатар, Талғат Ермегияев қазақстандықтарды қазірдің өзінде алаңдатып отырған тағы бір мәселені атап өтті, бұл – билеттердің құны және шегерім жүйесі. «Біз билеттердің құнын төмендету үшін немесе билеттерді мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, сондай-ақ, көп балалы отбасыларға, дарынды балаларға және халықтың басқа да әлеуметтік топтарына тегін ету үшін қолдан келетіннің бәрін жасайтын боламыз».
Редакторлардың бірінің «қаржыны үлестіру тәртібі қандай» деген сұрағына «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елбасының Қазақстан халқына арналған өзінің Жолдауында бөлінеді деп күні бұрын мәлімдеген қосымша 40 млрд. теңгені отандық компаниялар «Бәйтерек» ҰБХ арқылы несие түрінде тұрғын үй кешендері мен сауда орталығының құрылысына бөлетін болады деп жауап берді; 29 млрд. теңге Астана әуежайын кеңейтуге жұмсалмақ, ол көрмені өткізу кезінде жолаушыларды өткізу қабілеті жоғарылатылған деңгейде жұмыс жасайтын болады.
БАҚ өкілдерін жобада ұрлық пен жемқорлық оқиғалары қалай алдын алынбақ деген сұрақтар да қызықтырды. Талғат Ермегияев осыған орай қатаң қадағалау жүргізілуде деп жауап берді. Сонымен қатар, жоспарлау кезеңінде құн мен сметалық шығындардың барлығына қатысты халықаралық сараптама жүргізілген болатын, сондықтан жүзеге асыру барысында оның шекарасынан ауытқу біршама қиын болмақ.
2015 жылдың 1 шілдесіне дейін көрмеден кейін нысандарды пайдалану жобасы әзірленіп бітпек. Бұл бүкіл ЭКСПО жобасының аса маңызды тұсы болып табылады. «Біз басқа елдердің қателерін ескеріп, нысандарды көрмеден кейін пайдалану мәселесіне үлкен көңіл бөлдік, - деп атап өтті кездесудің әу басында Талғат Ермегияев. – Осының арқасында ғана жоба мақұлданып, бізге Халықаралық көрмелер бюросының жалауы табысталды. Көптеген басқа елдер осы мәселемен тиісті деңгейде айналыспауының салдарынан қатеге бой алдырған болатын. Нысандарға орасан зор қаржы бөлінуде, сондықтан олардың кейін жұмыссыз тұрып қалуына немесе тиімсіз пайдаланылуына жол беруге болмайды».
Астанадағы көрмеге дайындық өткізіліп жатқандағы маңызды тағы да алдын ала бір кезең бар, ол – Миландағы ЭКСПО-2015көрмесіне қатысу. «Біздің Миландағы павильонымыз үздіктердің бестігіне кіруі керек, - деді Талғат Ермегияев. – Өйткені оның қандай болатынына қарап біздің Астанадағы дайындығымызға баға беретін болады. Оның үстіне, бұл біз үшін аса маңызды тәжірибе болмақ, бұл – бізге көрмені ұйымдастыруды үйренуге мүмкіндік беретін нағыз алаң. Сондықтан біз мамандарымыздың сондағы сапарына айрықша көңіл бөлмекпіз, үйренуге осындай басқа мүмкіншілік бізде мүлдем жоқ».
Біздің павильон қайта бөлшектеп жиналып, Миланнан Қазақстанға әкеліне ме деген сауалға Ермегияев мырза мен «Астана ЭКСПО-2017» баспасөз қызметінің басшысы Айгүл Мүкей жоқ деп жауап беріп, мұндай тәжірибе әлемде ешбір жерде дерлік кездеспейді деп мәлімдеді. «Павильонды қайта бөлшектеп, оны әкелу оны салуға жұмсалған қаржының 40%-ға жуығын құрамақ. Бұған қаржы жоқ, Шанхайдағы біздің павильонымызды қалдырғандай, оны сол жерде қалдырған жақсы».
ЭКСПО-2015 көрмесі азық-түлік мәселелеріне арналып отыр, оның тақырыбы – «Ғаламшарды тамақтандыру. Өмірге арналған қуат». Қазақстан ауылшаруашылық саласындағы әзірлемелерімен, аграрлық сектордағы жаңалықтарымен таныстыруды жоспарлап отыр. Әрине, қазақстандық павильон ұлттық тағамдар мен өнімдерсіз өтпейді. «Қазы-қарта, қымыз – мұның бәрі болады. Бірақ мұның өз қиыншылықтары бар. Бізге Қазақстаннан қымызды елге кіргізуге рұқсат етпей жатыр, сондықтан біз Германиядан жеткізуші компанияны таптық», - деп атап өтті Талғат Ермегияев.
БАҚ өкілдерімен кездесу 3 сағатқа дерлік созылды: Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқару туралы Елбасының шақыруын өзіне көрсетілген үлкен құрмет деп тұтқаны жайлы да ашылып сөйледі. «Сол кезде, 2 жыл бұрын мен өздеріңіз секілді көрмелер тарихы туралы ешнәрсе білмейтінмін, қазір бұл –менің өмірімінің ісі. Көрмені өткізу өзінің үлкен жемісін беретініне мен сенімдімін, еліміздің намысы мен абыройын қорғау үшін жұмыла жұмыс жасайық».