ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ
Жуырда Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында баспасөз құралдары мен шағын және орта бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен «сот процесіне қатысушылардың әлеуметтік сауалнамаға қатысты соттың қызметіне қоғамдық бағалау жүргізу жөнінде» брифинг өтті.
Брифингті осы соттың судьясы А.Әбілқайысқызы жүргізіп, онда республика Судьяларының VI съезінде берілген Мемлекет Басшысының тапсырмаларын және Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингінде сот билігінің тәуелсіздік индексін жоғарылату бойынша іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) орындау мақсатында шағын және орта бизнес субъектілері-сот процесінің қатысушыларын әлеуметтік сауалнамалар арқылы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қызметіне қоғамдық бағалау өткізуді ұйымдастыру жоспарланғанын атап өтті.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың шілде - желтоқсан айлары аралығындағы мерзімде мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың ғимаратында, келушілердің қолы жететін жерде сауалнамаға арналған арнайы жәшік орнатылып, сот процесіне қатысушылар - жеке бизнес өкілдерінен әлеуметтік сауалнамалар алынуда.
Әлеуметтік сауалнаманы өткізудің мақсаты - соттардағы іс жүргізу барысында тараптар құқықтарының сақталу барысы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады. А.Әбілқайысқызы өз сөзінде аталған әлеуметтік сауалнамаға сотқа келуші жеке бизнес өкілдері барынша тартылып жатқандығын алға тартты.
Брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған өзге де сұрақтарға жауаптар берілді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі