ЕЛІМІЗДЕ ХАЛЫҚ САНЫ ТОҒЫЗ АЙДА 1,1%-ҒА ӨСТІ
Елімізде халық саны тоғыз айда 1,1%-ға өсті. Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«2014 жылғы бірінші қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 млн 353 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 9 млн 578 мың, ауыл тұрғындары – 7 млн 775 мың адамға жетті», - деді баспасөз мәслихатында Ә.Смайылов.
Оның айтуынша, биылғы жылы қаңтар-қыркүйекте жалпы елімізде халық саны 192 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті, 2013 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 255 мың адамға немесе 1,5%-ға артқан.