ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ СОТҚА ШАҚЫРУ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУДА
Сот жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану кеңінен қолданып келеді.
Бүгін Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары Ерден Боранбаев электронды түрде сотқа шақырудың жай-жапсарын түсіндіру мақсатында «Қоғам ТВ»телеарнасы тілшілеріне арнайы сұхбат берді.
Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары Ерден Боранбаев сұхбат барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында сотқа келуші тараптарға, адвокаттарға арнайы ұсынылған сервис арқылы сотқа шақыру қағаздарының электрондық нұсқасын басып шығару, телефонға жүктеп алу сынды сот жүйесіндегі жаңа технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, кеңсе басшысының орынбасары бұл сотқа жүгінуші азаматтарға жасалынып отырған тиімді шаралардың бірі екендігін айтып өтті.
Айта кету керек, осындай әдіспен алынған электрондық сотқа шақыру қағазы 07.01.2003 жылғы №370 «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми құжат болып есептеледі және қағаз жүзіндегі құжатпен теңестіріледі.
Қызылорда облыстық сотында аталмыш тақырып аясында ролик түсіріліп, кеңінен насихатталуда.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі