«ЗИЯТКЕР ҰРПАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ
Бүгінгі таңда, сапалы білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі Қазақстандағы қала мен ауыл жастарына бірдей берілмегендігі ешкімге жасырын емес. Қала мен ауыл мектептері түлектерінің ҰБТ нәтижесі бұған дәлел бола алады. 2013 жылғы ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша ауыл мектептерін бітірушілердің орташа ұпайы қалалықтарға қарағанда 8,7 ұпайға төмен, ал 2014 жылы айырмашылық 9,31 ұпайды құрады. Жағдайдың былайша орын алуы, ең алдымен, ауылдық жерлерде білікті ұстаздардың жетіспеушілігімен байланысты.
Бұл мәселе әрқайсысымызға тікелей қатысты. Қазіргі кезде ел тұрғындарының 45%-ы ауылды жерлерде тұрады. Сапалы білім алуға қолжетімділіктің төмендігінен, кейде жеке түрткі мен қажетті ақпараттың жоқтығынан жас буын өкілдерінің бір бөлігі әрі қарай кәсіби орта және жоғары білім ала алмай қалып жатады.
Жағдайды өзгертуге қауқарлымыз ба? Әрине, иә.
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының «Зияткер ұрпақ» жобасы басталады. Жобаның мақсаты – оқуда және/немесе қызметте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген білімді азаматтарды ауылдағы жас жеткіншектерге білім беру ісіне тартып, тәжірибесімен бөлісуге шақыру. «Біз халық ағартушыларынан құралған еріктілер қозғалысын құрып, оны одан әрі дамытуды көздеп отырмыз. Ауыл жастарына үлгі-өнеге беру арқылы орын алған кемшіліктерді жойып, жетістіктерге жетуіне түрткі болатынымызға сенімдіміз», дейді Жасұлан Серіков, Қызылорда облысындағы «Қазақстан-2050» ЖҰҚ ның өкілі.
Осы жоба аясында облысымызда «халық ағартушылары» қатарына ауыл мектептеріне мына азаматтар қосылды. 14 қарашада Қызылжарма ауылындағы №144 орта мектебінде сыныпта сабақ/кездесу өткізу Ғалымбек Жақсылықов, облыстық кәсіпкерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Арман Бимагамбетов – өңірлік кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары.
Жоба аясында қалада тұратын білімді азаматтар өз қалауларымен ауыл мектептеріне барып, 9-11 сынып оқушыларымен қысқа мерзімді курс/сабақтарын өткізеді. Сабақтың ұзақтығы мен тақырыбын баратын «мұғалім» өзі анықтайды. Курс бірнеше сағатқа немесе одан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ол мектеп пәндері (математика, шет тілі, т.б.) шеңберінде, сондай-ақ көшбасшы болу, ой салу, IT, бизнес тағы басқа сияқты айрықша сипаттағы мәселелерге байланысты еркін тақырыпта өтуі мүмкін. Жобаға қатысушы барып сабақ өткізгісі келетін аймақты/ауылды өзі таңдайды. Жобаны ұйымдастырушы – «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы үйлестіру жұмыстарын реттеп, жергілікті билік органдарымен және мектептермен келіседі.
Қазақстандық немесе облысқа танымал саясаткерлер, мемлекет қызметкерлері, журналисттер мен блогерлер, бизнесмендер, әртістер мен басқа да тұлғалар жобаға қатысуға ниет білдірген. Кез-келген оқуышларға үлгі болатын азамат осы қатарға қосып, «халық ағартушыларынан» құралған топ құрамына еніп, ауылдағы өскелең ұрпақ дүниетанымының кеңеюіне, болашағын айқындауына өз үлесіңді қосады. Қозғалыс мүшелері қолға алған бұл өнегелі іс жүздеген, тіпті, мыңдаған жеткіншектің бағын ашып, елімізді өркендету жолындағы елеулі еңбек болары айқын.
Жоба 2014 жылғы 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында жүзеге асырылатын болады. Қызылорда облысында алғашқы болып «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Әбенов келісім беріп, Төменарық ауылында екі мектепте оқушыларға сабақ өткізді.