ЖАҢА ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДА БІРШАМА ӨЗГЕРІСТЕР БАР
Ағымдағы жылы қылмыстық заңнаманы реформалау, ілгері ізгілендіру мақсатында төрт жаңа кодекс: Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер қабылданды. Бұл адам құқықтарын қазіргі қылмыс дәрежесіне сай қарсы әрекет жасай алатындай деңгейге көтеруді көздейді. Осы орайда бүгінгі интернет конференцияда сауалдарға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Ғанибек Сырмағанбетұлы Отарбаев жауап берді. Келіп түскен сұрақтар саны – 4
1.сұрақ. Жаңа Қылмыстық кодекстің бұрынғысынан қандай өзгешіліктері бар?
Жауап: Жаңа кодекс 467 баптан тұрады,яғни қолданыстағы кодекстен 74 бапқа көп. Кодекстің 10 бабында "Теріс қылық әрекеті” жөнінде айтылған. Қылмыс пен теріс қылық әрекетінің мәні жазалау түрлерімен ажыратылады.Айыппұл салу,түзеу жұмыстары,бас бостандығын шектеу немесе немесе одан айыру және өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыс болып танылады.
Қылмыстық теріс қылық ауыр қылмыстардан дәрежесі, деңгейі төмен, зардабы жеңілірек.Оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, камаққа алу жазалары тағайындалады. Қолданыстағы кодексте ондай түсінік жоқ. Бұрын ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі құқық бұзушылық ретінде танылатын. Сөйтіп жаңа Қылмыстық кодексте 156 теріс қылық әрекеті, оның ішіне 47-сі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен алынған, қалғаны ескі Қылмыстық кодекстегі қылмыс болып саналған баптардан алынған. Бұрын бұлар қылмыстық әрекет болып саналса, енді жаңа Кодексте тек теріс қылық болып танылады осыған сәйкес жаза да төмен болады. Теріс қылыққа барған жандар бас бостандығынан айырылмайды.Осыған байланысты әкімшілік қамауға алу 45 тәулік емес, 30-дан 90 тәулікке дейін ұзартылды және атауы да әкімшілік қамау емес, қылмыстық теріс қылық үшін қамау болып өзгерді. Тергеуден іс сотқа түсісімен, сот оны қарайды да 30-дан 90 тәулікке дейін қамауға немесе белгілі бір мөлшерде айыппұл салуға, не түзеу және қоғамдық жұмыстарға тартуға шешім шығарып береді.
Қазір қамауға алу үйлерін салу үшін республикалық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылып, бұл бап 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан ғана күшіне енеді. Өйткені олар үшін енді арнайы қамау үйлері деген болуы керек. Қамау үйлері – абақты мен оқшаулағыштың арасы. Бұл мемлекеттің қылмыстық саясатты ізгілендіруі, яғни мүмкіндік болса, теріс қылыққа барғандарды бас бостандығынан айыра бермеу. Сондықтан да қазір жылдан-жылға бас бостандығынан айыру азайып келеді. Былтыр 40 пайыз болса, биыл 37 пайызға төмендеді, яғни адамдарды бас бостандығынан айыру 3 пайызға азайды.
Қылмыс пен қылмыстық әрекетті екі топқа бөліп қарау Германия, Голландия, Испания, Австрия, Норвегия, Чехия сияқты елдерде тиімді қолданылып келеді. Жаңа кодексте айыппұл салу түріндегі жазалар көбейген.Қылмыстық теріс қылықтар үшін 25-тен 500 АЕК дейін, қылмыстар үшін 500-ден 10000 АЕК дейінгі мөлшерде белгіленген. Бас бостандығынан шектеу деген жаза тек тұрақты тұратын жері бар сотталған адамға ғана тағайындалады және ол жаза соған кесілген адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Сонымен қатар келтірген шығынды орнына келтірген адамды, бас бостандығынан айырмай, айыппұл жазасы тағайындалады.Осындай сияқты қылмыс саласын ізгілендірумен қатар кейбір қылмыс түріне қатысты жаза бұрынғыға қарағанда қатаңдатылған. Егер қазіргі кодексте әйелдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмаса, жаңа кодексте мұндай жазаға тек 18 жасқа толмағандар мен 63 жастан асқан әйелдер мен ер адамдар тартылмайтындығы көрсетілген.
Жаңа Кодексте сыбайлас жемқорлық жасағандарға, зорлық, кісі өлтіру, жасөспірімдерді зорлау, лаңкестік, терроризм, экстремизмге ең қатал жаза қолдану қарастырылған. Мемлекеттік қызметкерлер жемқорлығы үшін жазаға тартылса,өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыспайтын болады. Сондай-ақ, жаңа кодексте жемқорлығы үшін жазаланған адамның, тек жемқорлықпен тапқан мүлкі ғана тәркіленеді, бұрын барлық мүлкі тәркіленетін. Жаңа заңда кәмелетке толмағандарды зорлаған 15-20 жыл бас бостандығынан айырумен қатар, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Қосымша «медициналық қылмыстық құқықбұзушылық» деп аталатын жаңа тарау қосылған. Басты өзгешеліктің бірі ретінде қыл¬мыстық жауапкершілікке байланысты жаңа түсініктердің қосылуын атап өткім келеді. Аса ірі және ірі көлемде залал келтіру түсінігімен бірге ұсақ залал келтіру түсінігі енгізілген, адам денсаулығына залал келтіруді дәрежелеуде де бірқатар жаңа өлшемдер қосылған. Жемқорлық қылмысты саралауға 21 қылмыстық әрекет түрлері енгізілген. Мұның бәрі бұрынғыдай қылмыстық әрекеттің бәрін бір топқа жатқыза салмай, оның деңгейіне қарай саралап, жаза мөлшерін соған сай тағайындауға үлкен мүмкіндіктер береді. Жаңа Қылмыстық кодексте осындай 41 жаңа қылмыстық әрекет түсінігі келті¬рілген.
Тағы бір жаңалық, қолданыстағы кодексте үш түрлі қылмыстың қайталануы (рецидив) түсінігі қарастырылса, енді екі түрлі қылмыстың қайталануы түсінігі болмақ. Ол: қауіпті қайталану, аса қауіпті қайталану. Ендігі арада сот қауіпті қайталану деп тану үшін өтелмеген жазасы бар ауыр қылмыс жасау негіз болады. Бұрынғыдай ауыр қылмыс жасап сотталғандардың бәрі қайта қылмыс жасаса болды, осындай санатқа жатқызылып, ауыр жаза тағайындау тәжірибесі қолданылмайды.
2 сұрақ. Кәмелетке толмағандарға қатысты жаза тағайындауда қандай өзгерістер бар?
Жауап: Кәмелетке толмағандармен жасалған әрекеттерді жаңа кодексте теріс қылық әрекеті деп атаған. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi сол күй»інде қалғанмен төмендегідей өзгерістер орын алған. Мысалы,айыппұл бұрын Айыппұл айлық есептiк көрсеткiштің оннан бесжүзге дейінгі мөлшерінде тағайындалса,жаңа кодексте оның тең жартысына дейін төмендеді, яғни екі жүз елуге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады.
Ал, түзеу жұмыстары қолданыстағы кодексте сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалса, жаңа кодексте бұл жаза дербес табысы немесе өзге тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға айлық есептік көрсеткіштің оннан екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан бір жүз елу сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады./он сағатқа төмендетілген. Онша ауыр емес қылмыс немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
3 сұрақ. Қылмыстық іс-жүргізу кодексінде қандай өзгерістер бар?
Жауап: 2015 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілетін қылмыстық процесстік кодексте кассациялық тәртіпте істерді қарау мәселесі онша өзгермеген. Десекте азаматтардың құқықтарын қорғау сапасын жақсартуға ықпалын тигізетін өзгерістер бар. Жаңа құжатта тергеу судья¬сы деген жаңа лауазым енгізілген. Жаңа Қылмыстық кодекстің 55 бабында тергеу жүргізуші судьяның міндеттері мен құзыретінің тізбесі берілген.
Бұл шын мәнінде судьялар жұмысын жақсартатын, сапасын көтеруге сеп болатын тұлға. Өйткені, бұл лауазымның құзырына тергеу ісінің сапалы жүргізілуін қадағалау кіреді. Ол іс барысында ескерілмеген, шикі тұстарды сотқа жеткізбей жөндеп, реттеп отырады. Бұған қоса, соттың санкция беру құзыреті де кеңейіп отыр. Тергеу судьясы қамауға алуға, үйқамақта ұстауға, мүлікті тұтқындауға санкция беріп, осы шектеу уақытын ұзарта да алады. Тергеушінің әрекетіне байланысты арыз шағым түскен жағдайда мәселенің аққарасын анықтау да тергеу судьясына жүктелген. Сондайақ, қорғаушы да іс барысында кездескен қиындықтарын тергеу судья¬сының көмегімен шеше алады. Оған қоса, сот шешімі шыққанға дейінгі заңсыз алынған мүлікті тәркілеу жөніндегі прокурордың ұсынысын қарайды, сотқа дейінгі кезеңде азаматтардың өздерінің заң алдындағы міндеттерін орындамауына байланысты ақшалай айыппұл төлеу шарасына тартады. Сонымен бірге қорғаушының ұсынысы бойынша сот мәжілісіне қатыстыруы қиындық келтіретін куәларды құзыретті орган арқылы сотқа мәжбүрлеп келтіру мәселесін қарау да оның құзырында. Тергеу жүргізуші судья сотқа дейінгі істі жүргізуші органнан қосымша материалдарды талап етуге, іске қатысты барлық материалдарды қарап, талдауға, сот мәжілісі барысында қаралған іске қатысты куәларды шақыртып, олардан қажетті ақпараттар алуға құқықты. Күдікті тергеу барысында өзіне құқық қорғаушылар тарапынан қысым жасалып, азаптау айғақтары орын алғандығы жайында арызданған күнде тергеу жүргізуші судья бұл жөнінде прокуратура органына оны тексеру туралы ұсыныс түсіруге міндетті. Жаңа заңдағы сот бақылауындағы бір жаңалық – күдікті, айыпты немесе сотталушыны лауазымды қызметінен шеттету мәселесін қарау. Істі қарау барысында тергеу жүргізуші судья айыптыны лауазымды қызметінен шеттетуге шешім шығаруға құқылы. Айыптыны қызметінен шеттету жөніндегі ұсынысты тергеу органы сотқа жібереді, сот бұл істі үш күннен кешіктірмей қарап, шешім шығарады.
Жаңа Қылмыстық кодекстегі елеулі жаңалық ретінде қылмыстық әрекетке байланысты істердің созылып кетуіне жол бермеу мақсатында тергеуге дейінгі тексеру шарасының алынып тасталуын айтуға болады. Сондайақ, қылмыстық іс қозғау жөніндегі қаулы шығару түсінігі алынып тасталған. Тергеу, тінту сияқты тергеу шараларының бәрі арыз тіркелген сәттен бастап бірден жүргізіледі. Бүгінде батыстың көптеген елдерінде мұндай тәжірибе көп уақыттан бері бар. Қылмыстық сот процесіне қатысушылардың арасында бәсекелестік пен теңқұқықтылықты қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс өндірісін қосымша тексеруге жіберу алынып тасталған. Бұл сонымен бірге істің созылып кетуіне жол бермеуге де игі ықпалын тигізбек.
4 сұрақ. Сотталып, жазасын өтеп жатқан заматтарды мерзімінен бұрын бостан¬дыққа шығару жайы жаңа заңда қалай реттелген?
Жауап: Жаңа Қылмыстық кодексте мерзімінен бұрын босату бойынша жеңілдетілген шара кәмелетке толмағандарға, аяғы ауыр әйелдерге, жас баласы бар әйелдерге, жас бала тәрбиелеп отырған ер адамдарға, жасы 58 ден асқан әйелдер мен 63 тен асқан еразаматтарға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге қолданылады. Мұндай топтағы адамдарға мерзімінен бұрын босату жеңіл қылмыс бойынша жазасының төрттен бірін, ауыр қылмыс бойынша жазасының үштен бірін, аса ауыр қылмыс бойынша жазасының жартысынан астамын өтеген жағдайда қолданылады. Осы ережеге сай, сотталған адам мерзімінен бұрын босану үшін кем дегенде жарты жылдан астам түзеу мекемесінде жазасын өтеуі тиіс. Өмір бойы бас бостандығынан айыружазасына тартылғандар соттың шешімі бойынша онан әрі түзеу мекемесінде болуының қажеттігі жоқ деп танылса, мерзімінен бұрын бостандық алу мүмкіндігі бар.
Мұндай шешімге сотталушының өз қателігін түсініп, түзу жолға түсуге ұмтылуы, қоғамға қауіп төндірмейтіндігі сарапшылар арқылы айғақталуы негіз болады. Жаңа заңның талабына сай, мерзімінен бұрын бостандық алуы үшін өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген азамат кем дегенде 15 жыл түзеу мекемесінде жазасын өтеген болуы тиіс. Атап өтерлік бір жайт, мұндай жеңілдік көптеген жазықсыз адамдардың өліміне ұшыратқан лаңкестік, экстремистік, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық зомбылық сипатындағы қылмыстарға қарастырылмайды. Мерзімінен бұрын босатылуға негіз болатын жайлардың қатарында сотталушының қоғам үшін қажеттілік байланыстарын қалпына келтіруі, босатылған соң баратын тұрақты мекенжайы мен жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болуы, жазасын өтеу кезіндегі құқық бұзушылықтарға жол бермеуі сияқты сипаттар бар.
Жауап бергеніңіз үшін рахмет!