МАМАН ШОБ-ТЫ ТЕКСЕРУГЕ ЖАРИЯЛАНҒАН МОРАТОРИЙ БІТКЕН СОҢ НЕ БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ
Шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий біткен соң да жаппай және жоспардан тыс тексерістер болмайды. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің бірлескен отырысында Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов айтты.
«Шара аяқталған соң ешқандай да жаппай әрі жоспардан тыс тексерістер болмайды. Бұл мемлекеттік кіріс комитеті басшылығының ұстанымы. Оны барлық өңірлік органдар да мықты ұстанатын болады», - деп атап өтті ол.
Ә. Сқақовтың айтуынша, мораторий уақытында тексеріс блогының қызметкерлері қарап жатпай, жұмыс жүргізудің жаңа бағыттарын анықтап, басқа да ұйымдастырушылық бағыттарды айқындаумен айналысты.
«Осы уақыт аралығында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың базасын қайта жарақтадық. Тоқырап тұрған кәсіпкерліктерді сот арқылы жабу жұмыстары жүргізілді. Ондай субъектілер Астанада 10 мыңнан астам болып шықты. Нақты сараптамалар көрсеткендей, елордада бүгінгі күнде лицензиясыз жұмыс істеп тұрған 60-тан астам мейрамханалар, дәмхана мен барлар бар. Осындай заңбұзушылықтарға барып отырған дүкендердің саны да осы шамалас деуге болады», - деп атап өтті Ә. Сқақов.